Барлық жаңалықтар

Ғылыми тағылымдыма Жануарлардың топалаң ауруына қарсы вакцина әзірлеу мақсатында Bacillus anthracis Sterne 34 F2 штамының генетикалық құрылымын зерттеу

Жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруларының бірі – топалаңға қарсы тиімді вакцина әзірлеу ветеринариялық бактериология және биотехнология саласындағы стратегиялық маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Вакциналық препараттарды әзірлеуде штаммдардың биологиялық қасиеттерімен қатар олардың генетикалық сипаттамаларын терең молекулалық деңгейде зерттеу негізгі талаптардың бірі саналады.

Диссертациялық зерттеу жұмысы аясында Bacillus anthracis Sterne 34 F2 штаммының генетикалық ерекшеліктерін зерттеу және вакциналық штаммның қауіпсіздік профилін бағалау мақсатында спора түзілуін реттейтін факторларға молекулалық талдау жүргізілді. Bacillus anthracis Sterne 34 F2 и анализ факторов регуляции спорообразования с целью оценки безопасности вакцинного штамма.

Сапаров А. в College of Veterinary Medicine

2025 жылдың 3 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (College of Veterinary Medicine, Northwest Agriculture and Forestry University, ҚХР) базасында, профилактикалық ветеринариялық медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Wen-Tao Ma жетекшілігімен «Антиген» ҒӨК ЖШС ғылыми қызметкері, PhD докторант Сапаров А. Sterne 34 F2 штаммының генетикалық тұрақтылығы мен вакциналық әлеуетін зерттеу бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Зерттеу барысында штаммның аттенуациялық тұрақтылығы, иммуногендік қасиеттері және өндірістік вакциналық штамм ретінде молекулалық-генетикалық сипаттау әдістері игерілді.

Молекулалық деңгейде Sterne 34 F2 және ВНИВВМ-55 штаммдары pX01 плазмидасын (токсин гендері) сақтайды. Негізгі айырмашылығы – Sterne 34 F2 штаммында капсула синтезіне жауап беретін pX02 плазмидасының болмауы.

Осыған байланысты Sterne 34 F2 штаммы pX02 плазмидасынан айырылған, бірақ pX01 сақталғандықтан протективті антигенді (PA) белсенді синтездейтін, иммуногендігі жоғары тірі аттенуацияланған вакциналық штамм болып табылады.

Ал ВНИВВМ-55 штаммы pX01 және pX02 плазмидтерінен айырылған немесе pX01 әлсіреген қос аттенуацияланған штамм болып саналады, қауіпсіздік деңгейі жоғары болғанымен, иммуногендігі Sterne штаммына қарағанда төмен.

Алынған ғылыми нәтижелер мен тәжірибелік дағдылар диссертациялық зерттеудің мақсаттарына толық сәйкес келеді және отандық вакциналық биотехнологияны дамытуға ғылыми-технологиялық негіз қалыптастырады.

Тағылымдаманың негізгі бағыттары:

Лабораторная работа во время стажировки
  • Бактериялық изоляттан ДНҚ экстракциялау
  • Наноспектрофотометрия (NanoDrop) арқылы концентрациясын анықтау
  • Агарозды гель электрофорезін жүргізу
  • ДНҚ сапасын визуализациялау
  • ПТР принциптері, праймер дизайны және реакция параметрлерін оңтайландыру
  • Ампликондарды электрофоретикалық талдау
  • Ампликондарды тазалау және ДНҚ секвенирлеу
  • Геномдық деректерді талдау және халықаралық дерекқорларға енгізу