«Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны ЖШС 2026 жылғы 3 сәуірде ең маңызды әрі көне мерекелердің бірі — Наурызға арналған салтанатты іс-шара өткізді. Бұл күн табиғаттың жаңаруын, шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуын, бірлік пен берекені білдіреді.
Іс-шара барысында кәсіпорын ұжымы мен шақырылған қонақтар ұлттық дәстүрлердің ерекше атмосферасын сезінді: Наурыздың басты тағамы — наурыз көже ұсынылып, ұлттық аспаптарда қазақтың халық әуендері орындалып, ән айтылып, би биленді. Сонымен қатар қызметкерлер арасында ең әдемі ұлттық киімге арналған байқау ұйымдастырылып, мерекеге ерекше сән мен ұлттық нақыш берді.
«Антиген» ЖШС-де Наурызды атап өту — бұл тек бай мәдени мұраға деген құрмет қана емес, сонымен қатар ұжымдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтатын маңызды шара болды.