Ғылыми кеңес

«Антиген» ЖШС ҒӨК Ғылыми кеңесі ұйымның ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды қалыптастыру және оларды практикалық іске асыру мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші, алқалы және үйлестіруші орган болып табылады. Сонымен қатар, белгіленген тәртіпке сәйкес ғылыми дәрежелерді беру және ғылыми атақтар тағайындау үшін кандидаттарды қарастыру және ұсыну функцияларын жүзеге асырады. Ғылыми кеңес ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, орындау және олардың нәтижелерін енгізу мәселелерін, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін қарайды.

Ғылыми кеңесті құрудың мақсаты

  • Ұйымның ғылыми қызметкерлерінің, магистранттарының және ізденушілерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру.

Ғалымдар кеңесінің негізгі міндеттері

Ғылыми кеңестің қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • Ғылыми бағыттардың даму перспективаларын айқындау және кешенді ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), гранттық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды орындау барысында ғылыми бөлімшелердің қызметін үйлестіру;
  • Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, гранттық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді қарастыру және бағалау;
  • Белгіленген тәртіпке сәйкес ғылыми дәрежелерді беру және ғылыми атақтарды тағайындау үшін кандидаттарды қарастыру және ұсыну;
  • Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
  • Монографиялар және ғылыми жарияланымдар түрінде ұсынылған ғылыми жұмыстарды отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда жариялауға ұсыну бойынша ұсынымдар әзірлеу және бекіту;
  • Маңызды ғылыми-техникалық міндеттерді бірлесіп шешу мақсатында ғылыми, жобалау-конструкторлық, технологиялық ұйымдармен, университеттермен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастық мәселелерін қарастыру;
  • Ғылыми іссапарлар, тағылымдамалар және халықаралық конференцияларға қатысу туралы есептерді тыңдау;
  • Магистранттардың, докторанттардың және аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жылдық есептерін тыңдау;
  • Магистранттардың, докторанттардың және аспиранттардың диссертациялық зерттеу тақырыптарын (ғылыми-зерттеу жұмыстарын) әзірлеуге және бекітуге қатысу.

По вопросам поступления, условий участия и поддержки обращайтесь по e-mail: info@antigen.kz

Телефон: +7 (747) 119-53-51